2005-жылы Ақтау теңіз айлағы бағытында астық тасымалдау жұмыстары пәрменденеді

Кеңеске қатысушылар Ақтау теңіз айлағын пайдалану арқылы тасымалданатын астықтың 2005-жылғы болжамдық көлемі биылғы жылдың аяғына дейін ортаға салынады деп келісті.

Ал "Ақ Бидай" астық терминалының директоры Рафаэль Галямовтың айтуынша, қазірдің өзінде 2005-жылдың 1-мамырына дейін Әзербайжанға 100 мың тонна бидай беру туралы келісім-шартқа қол қойылды. Иранмен осындай шарт жасасу мәселесі дәйектелуде. "Қазақстанда көлік шығындарын қысқартуға шаралар қолданылып жатқанынан тұтынушылар хабардар болса, онда олар бірден қызығушылық танытып, тек біздің астықты сатып алумен шектелмей, еліміздің ауылшаруашылығы саласына инвестиция да салады",- дейді Р.Галямов.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның корпоративтік даму департаментінің директорының орынбасары Болатбек Дүйсемәлиевтің айтуынша, Алтынсарин-Хромтау темір жол желісін пайдалануға беру нәтижесінде жүк тасымалдайтын маршрут қысқарып, көлік шығынын азайтуға жағдай жасалды. Атап айтсақ, бүгінде солтүстік облыстардан бір тонна астықты тасымалдау бағасы 35-36 доллардан 12-14 долларға дейін кеміді.