407 ересек науқастар мен 310 бала, сондай-ақ, олармен бірге жүретін 323 адам квота бойынша республикалық ауруханаларға жіберіледі. Облыстық бюджеттен олардың жолақысын өтеуге 11 млн. теңге бөлінбек.
Атырау тұрғындары Алматы, Астана, Павлодар және Ақтөбе қалалық емдеу мекемелерінде ем қабылдайтын болады. Квота бойынша экологиялық қолайсыз аймақ тұрғындарын қабылдайтын орталықтар арасында республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы, онкология және радиология институты, кардиология және ішкі құрылыс ауруларының орталығы, көз аурулары орталығы, Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталық, балалардың республикалық клиникалық ауруханасы, "Байбұлақ" республикалық орталығы сынды емдеу мекемелері бар.
2005-жыл басынан бері республикалық ауруханаларда 181 адам емделді. Олардың арасынан 72 бала республикалық балалар ауруханаларында жатып емделді.