2005-жылы еліміздегі ең төменгі зейнетақы 6200 теңге болмақ

Қ.Келімбетовтың айтуынша, "әлеуметтік қамсыздандыру шығындары проценттік арасалмақ бойынша 2004-жылғы деңгейде қалады, бірақ, Елбасының жолдауындағы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты сандық мөлшері 238 млрд. теңгеден 283 млрд. теңгеге дейін өседі".

Бас экономистің айтуынша, "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің артуына байланысты 13 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаржы шығарылады. Ал Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 15 еселенген төменгі есепті көрсеткішке дейін артуына байланысты 2,7 млрд. теңге көлемінде қосымша шығын шығады". Сондай-ақ, Қ,Келімбетовтың айтуынша, "2005-жылы Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне 30 мың теңге мөлшерінде бір реткі жәрдемақы тағайындалады. Оның жалпы көлемі 1 млрд. теңге болмақ".
Бұған қоса, Қ.Келімбетов 2005-жылы білім беру және денсаулық сақтау саласына арналған шығын көлемі ұлғаяды деп хабарлады. Атап айтсақ, "білім беру саласына арналған шығындар жалпы бюджет шығынының 5 процентін, немесе, 61 млрд. теңгені құрайды. Ал 2004-жылы бұл шығын 4% немесе 41 млрд. теңгеге жеткен. Ал денсаулық сақтау саласына арналған шығындар жалпы бюджет шығынының 4,5 процентін, немесе, 55 млрд. теңгені құрайды. 2004-жылғы шығын 2,9% немесе 30 млрд. теңге болған. Тегін дәрігерлік көмектің кепілді көлеміне арналған шығын жергілікті деңгейде 15 млрд. теңгеге артады".
2005-жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен 36 мектеп, 17 денсаулық сақтау нысанын салу көзделіп отыр, деді Қ.Келімбетов.