Компания президентінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде кеніште тәулігіне 48 мың баррель мұнай өндіріледі. Алдағы екі жылда компания бұл көлемді 80-90 мың баррельге жеткізуді көздеп отыр.
Nations Energy компаниясы жетекшісінің хабарлауынша, 1997-жылдан бері компания Қаражанбас кенішін игеруге 250 млн. доллардай қаржы жұмсады.
Батыс Қазақстанда, Ақтаудан 230 шақырымда орналасқан Бұзашы түбегіндегі Қаражанбас кенішін басты қожайыны Nations Energy Company Ltd. (акциялардың 94,62%, қарапайым акцияларды 100% иемденеді) компаниясы болып табылатын "Қаражанбасмұнай" ААҚ игереді. "Қаражанбасмұнай" ААҚ 1986-жылы ҚР мұнай және газды эксперименталды өндіру басқармасының базасында құрылған "Қаражанбаснефть" басқармасын қайта құру нәтижесінде 1994-жылы құрылған. Кәсіпорын 1997-жылдың сәуір айында жекешелендірілді.
Х.Джоджихадикусумон сондай-ақ Nations Energy компаниясының Әзербайжандағы іс-қызметін пәрмендендіруге пейілді екенін хабарлады. Қазір компания бұл елде "Кемаледдин-Мишовдаг" және "Падар-Харами" деп аталатын оншорлық екі кенішті игеру жобаларына қатысуда. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Дегенмен ол мүдделі кеніштер мен олардың атауы туралы ақпаратты ашып айтпады.