Oracle компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігі аймақтағы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан елдері үшін жұмыс істейді. Аймақтағы жетекші рынок болып табылатын Қазақстан 90 проценттік үлеске ие.
Б.Әлиевтің айтуынша, қазір Қазақстанда Oracle компаниясының қызметін тұтынатын 200-дей компания бар. Олардың арасында банктер түгелдей дерлік, Қазақтелеком, ҚР қаржы министрлігі, ҚР қорғаныс министрлігі т.б. мекемелер бар.
Oracle мамандарының бағалауынша, Қазақстандағы ІТ-рыногының сыйымдылығы 300 млн. долларды құрайды.