2003-жылы "Кедей отбасылардың дарынды мың баласын Павлодар облысындағы жоғарғы білім ошақтарында оқытайық" атты 5 жылға есептелген облыстық бағдарлама қабылданған. Биыл 200 студент грантқа ие болды. Жалпы алғанда бағдарлама аясында Павлодардағы жоғарғы білім ошақтарында 609 студент оқып жатыр.
Бірыңғай ұлттық тестілуге қатысып, 40-тан жоғары балл жинаған, бірақ жергілікті жоғары оқу орындарының бюджеттік топтарына арналған байқаудан өтпей қалған жетімдер мен кедей отбасылардың талапкерлері аталмыш грантқа ие болды. Грант иегерлері Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, сондай-ақ, Павлодар университеті мен Семей медицина академиясының жергілікті филиалында оқып жатыр.
Студенттерге жатақханалардан орын берілген. Сонымен бірге биыл оларға азық-түлікке, жолақысына және тіршілігіне деп 5 мың теңге мөлшерінде қосымша көмек беру жөнінде шешім қабылданды. Төлемдер қазан айында таратыла бастайды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 30 млн. теңге бөлінді.
Жоғары білім алғаннан кейін барлық 1000 жас маман өз ауылдары мен қалаларында жұмысқа қабылданады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті