2005-жылы "Қазақмыс" тазартылған мыс өндіру мөлшерін 420 мың тоннаға дейін азайтады

"Кенді өңдеу көлемі азайған жоқ , керісінше, арта түсті. Қазір кедей кендер игерілуге байланысты металл мөлшері азайып отыр",- деді Р.Юн.
Сонымен бірге, тазартылған мыс өндіру мөлшерінің кеми түсуіне "Шығыс Қазақстанда туындаған техникалық проблемалар да себепші". "Онда карьердің қабырғасы құлап кетті. Оны қалпына келтіруге 6 айдай уақыт сарп етілді. Негізгі жұмыстар қазір ғана басталып отыр",- деді Р.Юн.
"Жыл қорытындысы бойынша біз 420-425 мың тонна тазартылған мыс өндіруді көздеп отырмыз",- деді корпорация басшысы.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті