"Егер үкімет қаржы бөлуге келісімін берсе" , осынша адамды шарт негізінде әскери борышын өтеуге жіберуге болады,- деді Қ.Сүлейменов. Қолбасшының айтуынша, Ішкі әскерлерді келісім-шарт негізіне көшіру қаржылық проблеманың шешілуіне тікелей байланысты.
Қ.Сүлейменовтың пікірінше, ішкі әскер саласында сержант лауазымындағы адамдарды, сондай-ақ, төтенше маңызды нысандар мен түрмелерді күзететін адамдарды келісім-шарт негізіне көшіру керек.