2005-жылы ҚР Ұлттық банкі алтын-валюта қорын айтарлықтай арттыруды жоспарлап отырған жоқ

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен еліміздің алтын-валюта қоры шамамен 6,7 млрд. теңгені құрайды. "Ең төменгі резерв мөлшері үш айлық импортты қамтамасыз етуі тиіс, ал 6,7 млрд. теңге 4-6 айлық импортты қамтамасыз ете алады",- деді Г.Айманбетова.

Алтын-валюта қорының шектен тыс артып кетуіне жол бермеу үшін Ұлттық банк оның көлемін 12 проценттен арттырмауды көздеп отыр.
"Қор мөлшерін шамадан тыс арттырып жіберу де басы артық ликвидті қаржыны стерилизациялау шығындарының артуына әкеп соғады",- деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.