Ақпаратқа сәйкес, шілде айында аталған мұнай құбыры арқылы 186 мың тонна қара алтын тасымалданған.
Осыған дейін хабарланғандай, 2006 жылы Атасу -Алашанькоу құбыры арқылы 3,5 млн. тонна мұнай айдау жоспарланған. Мұнай құбырын іске қосу рәсімі 2005-жылы 15-желтоқсанда өткен болатын. Құбырдың ұзындығы 960 шақырымды құрайды, жобаның құны шамамен 700$ млн.
Келісім-шартқа сай, құбыр арқылы жыл сайын 20 млн. тонна қара алтын тасымалдау көзделген.