2006 жылғы банкноттар айналымнан шығарылады


Егер келесі айдың басына дейін ауыстырып үлгермесеңіз де, ескі банкноттар жарай береді. Оны алдағы жылдың аяғына дейін еліміздің кез келген банкінде ауыстырып ала аласыз, деп жазады 24 kz.

- Қазіргі мониторинг бойынша халық арасында айналымда жүрген ескі банкноттардың көп емес екені анықталды. Ескі ақша айналымына қатысты арыз-шағымдардың бар екенін білеміз. Кейбір банктер ол купюраларды әлі қолданып келеді. Қараша айының 3 жұлдызынан кейін ондай әрекеттің болмауын қатаң қадағалаймыз, дейді ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.