Ұлттық банктің ақпараты бойынша, қазан айындағы айналымда жүрген қолма қол ақша 3,9% - 529,4 млрд. тенгеге кеміген (жыл басынан бері 28,6% ұлғайған),ал банк жүйесіндегі депозиттер 8,3% - 2708,7 млрд. тенгеге дейін өсті (63,8% өскен). Есеп беру айындағы депозиттің қолма қол ақшаға қарағанда өсуі оның ақша көлеміндегі үлесін 82 пайыздан 83,7% дейін ұлғаюына ықпал етті.
Ағымдағы жылдың қараша айында Ұлттық банктің таза ішкі активтерінің төмендеуіне ақша базасын 0,8%-1181,6 млрд.теңгеге дейін қысуы негіз болды(жыл басынан бері 78,2% кеңейтілген).Қысаң ақша базасы, яғни орталық банктегі екінші деңгейлі банктердің жедел депозиттерін есепке алмағанда, 0,3%-1097,7 млрд. теңгеге азайды (90,5% кеңейтілген).