Қырғызстан президентінің айтуынша, бұл болжам былтырғы және 2005 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық ағымдарды талдау негізінде жасалған. Сонымен бірге, президенттің айтуынша, "кейбір экономикалық даму бағыттарында өз ресурстарымыздың әлеуеті жартылай ғана пайдаланылуда".
Қ. Бакиевтің пікірінше, экономикалық өсім энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, алтын өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, тігін және тоқыма өндірісі салаларының есебінен қамтамасыз етіледі.
Макроэкономикалық тұрақтылық "жеке инвестицияларды ынталандыру мен тұрақты экономикалық өсімнің аса маңызды алғышарты" болып табылады, деп атап өтті Қырғызстан президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті