2006-2008-жылдары Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсімі 7,4-8,8 процентті құрауы мүмкін - экономика министрлігінің болжамы

Оның айтуынша, экономика министрлігі 2005-2008-жылдары оқиғаның үш түрлі өрбу мүмкіндігін қарастырып отыр. Соған сәйкес мұнайдың бағасы бір баррельге 22-40 доллар аралығында қалыптасады.

Базалық болжамға сәйкес, мұнайдың әлемдік бағасы бір баррельге 28,5-34,4 доллар болмақ. "Бұл сценарий бойынша 2006-2008-жылдары Жалпы ішкі өнімнің жылдық орташа өсімі 8,1 процентті құрайды",- деді Қ.Әйтекенов. Ал бағаның арзандауына негізделген жорамалға сәйкес бір баррель мұнайдың бағасы 22-24 доллар болмақ. "Мұндай жағдайда Жалпы ішкі өнімнің нақты өсу қарқыны үш жылда орта есеппен 7,4 процентті құрайды",- деді вице-министр. Ал бағаның қымбаттау сценарийіне сәйкес, әлемдік мұнай бағасы бір баррельге 40 долларды құрайды. Ондай жағдайда 2006-2008-жылдары Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсімі 8,8 процентке жетеді, деді Қ.Әйтекенов.
Оқиғаның осылайша үш бағытта өрбу мүмкіндігін жорамалдау барысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі жеке мәліметтерге негіздеген. Қазір бұл энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мәліметтерімен үйлестірілуде, деді ол.