2006-жылдың бес айында еліміздегі түнгі клубтарда есірткі тарату және тұтынуға қатысты 60-тай деректің беті ашылды – ҚР ІІМ-нің орынбасары

“Жастар жаппай көңіл көтеретін орындарға бақылау қою жұмыстары кейінгі кездері біршама күшейтілді”,- деді ол. Былтыр бүтін жыл бойы небәрі 25 деректің беті ашылғанын еске салған вице-министр осындай заң бұзушылықтарға көбінесе “аталмыш орындардың қызметкерлері жиі баратынын” атап өтті.

А.Выборовтың айтуынша, қазір есірткі саудасымен күрес комитетінің шұғыл бақылауына жастар көңіл көтеретін 252 нысан алынған.