2006-жылдың І жартысында Қазақстанның мемлекеттік берешегі 231 млрд. теңгеге өсті



"Есепті мерзімде мемлекеттің берешегі 937 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2006-жылдың 1-қаңтарымен салыстырғанда ҚР Ұлттық банкінің берешегінің артуы есебінен 231 млрд. теңгеге өсті",- деп хабарлайды ол.

Н.Коржованың пікірінше, жалпы алғанда Жалпы ішкі өнімге проценттік тұрғыда шаққанда үкіметтің берешегі азая түсуде. "Біздіңше, бұл ағым Қазақстаннан экспортталатын тауарлар бағасының жоғары болуына байланысты қалыптасқан оң ағым",- деді ол.

Министрдің мәліметіне сәйкес, мемлекет тарапынан кепілдік берілген қарыз 74 млрд. теңгеге тең.

"Жарты жылда валюта бағамдарының өзгерісіне байланысты бұл көрсеткіш 5 млрд. теңгеге азайды",- деді министр.