Н.Коржованың айтуынша, есепті мерзімде 37,9 млрд. теңге пайдаланылған жоқ. "Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, қаржыны игермеуге бюджеттік бағдарлама қаржысын тиімсіз басқару, бюджет қаржысының қажетсіз болмай қалуы, сапасыз жоспарлау, ағымдағы шығындарды үнемдеу, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық құжаттарды дер кезінде қабылдамау себеп",- деді қаржы министрі.