"Бұл көрсеткіштің ағымдағы жылдағы жоғары екпінін ескеру негізінде биылғы жылға Жалпы ішкі өнім 9 процент болады деген ресми болжам сөзсіз асыра орындалып, оның деңгейі 10 проценттен кем түспейді деп есептеп отырмыз",- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметов ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында Жалпы ішкі өнімнің өсімі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 10 процентен асқанын еске салды.
Еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусиннің айтуынша, осы жылдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнімнің өсімі 10,6 процентті құрайды деп күтілуде. Оның нақыталуынша, ағымдағы жылдың 10 айында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 10,5 процентке жетті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада Азаматтық партияның ҮІІ сьезінде сөз сөйлеген мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2006-жылы Қазақстан экономикасының өсімі 10 проценттен кем түспейтінін мәлімдеген. Ол сонымен бірге 2007-жылға арналған бюджетке сәйкес, жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 6 мың доллардан асады деді. Алдағы жылға арналған бюджетте аталмыш көрсеткіш 11 трлн. 880 млрд. теңге деңгейінде болады деп болжануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті