К.Көкірекбаевтың сөзіне қарағанда, Достық станциясының өткізгіштік қабілетін арттыру үшін 14 млрд. теңге қажет, оның 10 млрд. теңгесін "Қазақстан темір жолы ҰК" ЖАҚ бөлгелі отыр. Бұл қаржы теміржолдың инфрақұрылымдық нысандарын салуға, Ақтоғай-Достық теміржол учаскесін жаңалауға, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды салуға жұмсалады.
2002-жылы Достық станциясы арқылы 5800 мың тонна жүк тасымалданса, 2003-жылы бұл көлемді 7 млн. тоннаға, ал 2004-жылы 8 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр.