2006-жылы Алматыдағы метро құрылысына 120 млн. доллар жұмсалады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың наурыз айында Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2020- жылға дейін қаланы дамыту жөніндегі жаңа бас жоспарды таныстыру барысында метро құрылысына қазірге дейін 176 млн. доллар жұмсалғанын және оны толық салып бітіру үшін қосымша 250 млн. доллар қажет екенін хабарлаған. "Бұдан артық қаржының қажеті жоқ",- деді әкім.
2004-жылы республикалық бюджеттен метро құрылысына 1 млрд. теңге бөлінді.
Алматыдағы метро құрылысын жобалау және техника-экономикалық негіздемесін жасау туралы бұйрық 1980-жылдың тамыз айында қабылданған. Метро желісінің 1-ші кезегі салына бастағалы 18 жылдан асты.
Жалпы 1-ші кезегі 2008-жылы аяқталады деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті