2006-жылы Астана мен Алматыда халыққа қызмет көрсететін қосымша орталықтар ашылады

"Республика үкімет басшысы Даниал Ахметов Астананың әрбір ауданында екі, Алматының әрбір ауданында бес орталықтан ашуға шешім қабылдады",- деді министр. "2006-жылғы бюджетте халыққа қызмет көрсететін 30 орталықтың құрылысын салуға 1,8 млрд. теңге қарастырылған",- деді ол.

Сонымен бірге әділет министрінің хабарлауынша, "ҚР қаржы министрлігінің салық комитеті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тағы 12 функциясын өткеріп берсе, келесі жылдан бастап ҚР ІІМ жүргізуші куәліктерін тарату функциясын аталмыш орталықтарға береді".
"Алдағы жылы жалпы алғанда бұл орталықтарда 140 қызмет түрі көрсетілсе, қазір онда бес мекеменің желісі бойынша 54 түрлі қызмет көрсетілуде",- деді З.Балиева.