2006-жылы елімізде банкроттықа ұшыраған ұйымдарды жою барысында кредиторлық берешекті өтеу көлемі 91 процентке артты

С.Бекбосыновтың айтуынша, бюджет түсімдері 1728,7 млн теңгені құрады, бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 139 млн теңгеге артық.

"Реабилитациялық процедураларда да оңды динамика байқалуда. Мәселен, 2006-жылы бюджетке 549,4 млн теңге құйылған, бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 64 млн теңгеге артық",- деді ол.

2006-жылы дәрменсіз ұйымдарды банкрот деп тану процедурасы (конкурстық өндірісі және реабилитация) арқылы қаржылық -экономикалық сауықтыру нәтижесінде бюджетке 2278,1 млн теңге түсті, деп мәлімдеді С.Бекбосынов. "Бұл көрсеткіштерге конкурстық өндірісінің жалпы шығындарын, әкімшілік шығындарды азайту, конкурстық басқарушылардың мүлікті қайтару және дебиторлық берешекті өндіріп алу іс-әрекеттерін бақылау есебінен қол жеткізілуде",- деді ол.

Сонымен бірге С.Бекбосыновтың айтуынша, Қазақстанда жойылған ұйымдардың базасында қайта құрылған ұйымдардың саны үздіксіз өсе түсуде. Олар жаңа жұмыс орындарып құрып, салық салынатын базаны ұлғайтуда. 2007-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен жойылған ұйымдардың базасында 1530 ұйым жұмысын қайта бастады. Оларда 135 559 жұмыс орындары құрылған, деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті