ЕурАзЭҚ-тың жанындағы қаржылық-экономикалық саясат жөніндегі кеңеске бес мемлекеттің экономикалық даму және қаржы министрлері енеді. Кеңес "елдердегі экономикалық реформалар туралы, осы саладағы кемшіліктер мен озық тәжірибелер, оны алмасу жолдары, экономикалық даму қарқыны, дамуға кедергі келтіретін факторлар, Тәжікстан мен Қырғызстанға көмектесу жолдары туралы" талқылайтын болады.
"Кеңес құруға ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер арасындағы экономикалық реформалардың түрлі қарқынмен іске асырылуы түрткі болды",- деді С.Пірімбетов.
Оның айтуынша, ЕурАзЭҚ-тың жанында қаржылық-экономикалық саясат жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы алдағы жылдың 4-ші тоқсанында өтеді.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті