2006-жылы Қазақстанда тұрақты қылмыстық ахуал сақталды - ІІМ

"Еліміздегі қылмыстық ахуал жалпы алғанда тұрақты қалпында қалып отыр. Қаңтар және қараша айлары аралығында қылмыстар саны 3,2 процентке кеміді",- деді Б.Қожахметов.

Оның айтуынша, жыл басынан бері "қасақана кісі өлтіру (-5,1%), сондай-ақ, денсаулыққа ауыр зардап шектіру (-1,8%), бұзақылық қылмыстарының саны да азаю ағымы байқалуда". Ал қыз зорлау қылмыстарының саны керісінше өскен (2,1 процент).

Жыл басынан бері полиция тіркелген 1606 қасақа кісі өлтіру оқиғаларының 90 процентін әшкереледі. Бұрынғы жылдардағы 89 кісі өлтіру оқиғасының беті ашылды.

Полиция 43 ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-қызметіне тосқауыл қойды. Іздеуде жүрген 8167 қылмыскерден 5832 адам қолға түсті.

Хабар-ошарсыз кетуге байланысты іздеуде болған 8050 адамнан 6457 азаматтың жүрген жері анықталды.

Сонымен бірге ағымдағы жылдың 11 айында 2243 қарақшылық шабуыл оқиғасы тіркелді. Ал былтыр бұл көрсеткіш 2723 болған. Осындай қылмыстарды ашу көрсеткіші 2,7 процентке өсіп, 78,4 процент болды. Тонаушылық оқиғаларының саны 2,6 процентке кеміп, 11 447 оқиғаға жетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті