2006-жылы Қазақстаннан Иранға SWAP схемасы бойынша сатылатын мұнай мөлшерін үш есе арттыру көзделіп отыр

“2006-жылы өзара мұнай алмасу деңгейі үш есе артады. 2005-жылы 1 млн. 400 мың тонна мұнай жеткізілді”,- деді ол.

“Қазір екі ел арасында мұнай айырбасына қатысты жақсы ынтымақтастық орнады. Нека айлағында мұнай қабылдау мөлшерін ұлғайту үшін біз барлық жағдайды жасадық”,- деді елші.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Иран мен Қазақстан арасындағы мұнай айырбасы 2002-жылдың қаңтар айында басталды.