"Мұнай сатудан түскен түсімдер көлемі ұлғая түскен қазіргі таңда дефицит көлемін жоғары деңгейде ұстау - тиімсіз, бұл - мемлекет берешегінің артуына апарып
соғады ",- деді ол. Министрдің айтуынша, мемлекеттік берешекті өтеуге бағытталған шығындар көлемінің артуы мемлекеттік шығындардың тепе-теңдігін бұзады. "Егер республикалық бюджет түсімдері азайса, мемлекет өз мойнына жүктеп алған міндеттемелерін орындаудан қалып, біз қарыз қақпанына түсеміз",- деді Келімбетов. Министрдің айтуынша, дәл қазіргі таңда мемлекеттік қарызды арттырудың мәнісі жоқ.
2004-жылғы республикалық бюджет жобасында бюджет дефициті 92,7 млрд. теңге көлемінде, немесе Жалпы Ішкі өнімнің 1,9 проценті шамасында жоспарланған.