Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ТМД елдерінің ішкі істер органдары өткен жылы жалған ақша жасаумен шұғылданып келген 35 құпия шеберхананы әшкерелеп, 31 ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысына тосқауыл қойып, 2751 қылмыстық іс қозғап, 2947 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, шараларды ТМД елдерінің ішкі істер органдары "ТМД-ға қатысушы елдердің аумағында қылмыспен күреске бағытталған бірлескен шаралардың 2005-2007-жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасы" аясында жүзеге асырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті