2006-жылы тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 62,6 млрд. теңге бөлу көзделді

Атап айтсақ, жергілікті атқарушы органдарды қаржыландыруға 42 млрд. теңге, облыстық бюджеттерге, Алматы және Астана қаллаық бюджеттерге мемлекеттік коммуналдық қорға тұрғын үй салуға бөлінетін инвестициялық трансферттерге 6,2 млрд. теңге бөлу көзделген.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, Қазақстан ипотекалық компаниясы және Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры сынды қаржылық институттардың капиталын ұлғайтуға 14,4 млрд. теңге межеленген.
Тұрғын үй жинақ ақшасы бойынша салымдарға сыйақылар төлеуге 212,5 млн. теңге қарастырылды.