"Ұлттық банк пен ҚР статистика жөніндегі агенттігін алдағы жылы Астанаға көшіру қажет",- деп атап өткен президент бұл мекемелердің "қажеттігі күнделікті туындайтынын" атап өтті.
Ал ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі Алматыда қалуға тиіс , деді президент. "Өйткені, қаржылық орталық Алматыда болады".
"Бұл шаралар мемлекетті басқару ісіне тікелей байланысты",- деді Н.Назарбаев.