"2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан төленетін 2007 жылдың 1-қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы көлемі, соның ішінде әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдары мен ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің, қаржы полициясының органдары мен өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған зейнетақы көлемі 8 пайызға көтерілсін", - деп көрсетілген мәтіні ресми БАҚ-да жарияланған қаулыда.
Сондай-ақ, құжатта арнайы атақ берілген және де ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін бекітілген тәртіпке бағынатын әскери қызметкерлердің, ішкі істер органдары мен ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің, қаржы полициясының органдары мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін тағайындалған айлық зейнетақы төлемінің көлемі "2007-жылғы республикалық бюджет туралы заңда қарастырылғанындай, 75 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек", деп көрсетілген.
2007 жылдың 1-қаңтарынан бастап республикада айлық есептік көрсеткіш 1092 теңгені құрайтындығын естеріңізге сала кетеміз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті