2007 жылдың 8 айында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің өсімі 10,2 % құрады

"2007 жылдың 8 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімінің өсімі өткен жылғы осы мерзіммен салыстрғанда 10,2 % құрады", -деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге, "өнеркәсіп өнімін өндіруде біршама жоғары өсім байқалып, оның көлемі 5%-ке өсті". Осы ретте "өңдеу өнеркәсібінің өнімінің өсім қарқыны 7,5%-дан асты".

"2007 жылдың 9 айында инфляция деңгейі 8,6% болды, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,7 проценттік пунктке артық. Осыған байланысты үкімет әкімдермен бірлесе отырып халыққа қосымша атаулы көмек көрсету жөнінде шаралар кешенін әзірледі", - деді үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті