2007 жылдың аяғына дейін генетикалық модификацияланған азық-түлік өнімдеріне бақылау қою жөніндегі мемлекеттік тәуелсіз зертхана ашылады

Светлана Савченконың айтуынша, "2009 жылға дейін республикалық бюджеттен азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздік проблемасын шешуге 9,3 млрд теңге бөлінген. Олардың жоспарға сәйкес 1,8 млрд теңгесі игерілген".

Сонымен қатар, "мемлекет 2008 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет базасында Шығыс Қазақстанда, Батыс Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанда және Астана қаласында зертхана құруды жоспарлауда",- деп атап көрсетті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті