2007 жылдың аяғында Қазақстанның бірінші "Kazsat 1" байланыс жер серігі 74% жұмыспен қамтылады - Республикалық ғарыштық байланыс орталығы

"Жылдың соңына таман "Кazsat 1" 74% жұмыспен қамтылады, бұл - міндетті жұмыс көлемі", - деді В. Лефтер.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 18 қарашасында "аталмыш ғарыштық аппараттың пайдаланылуына бір жыл толады". "Қазіргі жағдаймен көлемнің шамамен 70% іске қосылды", - деді ол.

"Бұл аса үлкен көрсеткіш", деді орталық президенті.

Оның атап көрсетуінше, "жер серігінің көлемін иемденіп отырған операторлардың бәрі де қазақстандық операторлар". ""Кazsat 1" жер серігіне ешбір оператор күшпен әкелінген жоқ. Бәрі де өз еріктерімен, өздері шешіп, саналы түрде келді, оларға жер серігінде сатылы түрде сыйымдылық алуға мүмкіндік берілді", - деді ол.

"Қазір бізге Қырғызстан мен Өзбекстанның операторлары өтінішпен шығып отыр, олар біршама ауқымды көлемге тапмырыс беруге ниет білдірді, өтініштері қаралуда", - деді В. Лефкер.

Оның айтуынша, 2009 жылдың қарашанасына жоспарланған ""Кazsat 2" жер серігінде сол баяғы "Кazsat 1" жер серігіндегі операторлар жұмыс істемек, өйткені, бұл мәселеде мұрагерлік қажет". Сонымен бірге, оның түсіндіруінше, "жер серігі 10 -12 жыл белсенді қызмет етуге тиіс". "Біз бұл операторларды басқа жер серігіне көшіруге дайындауға тиіспіз", - деді президент.

"Жалпы алғанда, меніңше, "Кazsat 2" ұшырылғаннан кейін Қазақстанда байланыс операторларының саны артып, олардың қызмет көлемі артып, сапасы жақсаруға тиіс", -деді В. Лефтер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті