"Соның ішінде біз 5,2 млрд теңге көлемінде бюджеттік қаржыны негізсіз пайдалану; бюджеттік қаржы мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану - 4,2 млн теңге; бюджеттік қаржы мен несиелерді мақсатсыз пайдалану - 637,6 млн теңге; ақша-қаражат пен материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі - 523,8 млн теңге; бюджетке салықтық емес төлемдерді дер кезінде немесе толық төлемеу - 381,7 млн теңге және 4,6 млрд теңгені құрайтын басқа да заң бұзушылықтарды анықтадық",- деді Әнуарбек Сұлтанғазин.
Сонымен қатар, оның мәліметтеріне сүйенсек, мемлекеттік сатып алу туралы заңның сақталуын тексеру барысында 52,5 млрд теңгенің заң бұзушылықтары әшкереленді. "Функциялық топтар бойынша мемлекеттік мекемелердегі заң бұзушылықтарды талдау, әшкереленген заң бұзушылықтардың басым бөлігі экономиканың келесі салаларына тиесілі: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы - 2,4 млрд теңге (мемлекеттік мекемелерде анықталған заң бұзушылықтардың жалпы сомасының 19 пайызы), қорғаныс - 1,8 млрд теңге (14 пайыз), денсаулық сақтау - 1,5 млрд теңге (12 пайыз), білім беру - 1,33 млрд теңге (10 пайыз)",- деп нақтылап өтті комитет басшысы.
Үстіміздегі жылдың бес айында бақылау шараларының қорытындысы бойынша жүргізілген шаралардың нәтижесінде бюджетке қайтарылуға тиіс 4,7 млрд теңгенің 1,5 млрд теңгесі өндіріп алынды, деп атап өті Әнуарбек Сұлтанғазин.
Оның айтуынша, процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 909 бақылау материалдары жіберілген, 10,1 млн теңге сомасында 586 лауазымды тұлғаға әкімшілік жаза қолданылды, тексерілген нысандардың 1329 қызметкері қаржылық заң бұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік және материалдық жауапқа тартылды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша 2007 жылдың бірінші тоқсанында байқау ұйымдастырушыларға 283 жауап актісін енгізген. Сотқа байқау қорытындысын жою және олардың қорытындысы бойынша жасалынған келісімдерді күшсіз деп тану туралы 30 шағым арыз берілген. Олардың 4 шағымнан бас тартылып, 10 қанағаттандырылған, қалғандары қарауда жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті