2007 жылдың І жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысының 890 дәрігері біліктілігін көтеру курсынан өткен

"Үстіміздегі жылдың алты айында Қазақстанда, сондай-ақ шетелдерде біліктілігін көтеру курсынан Оңтүстік Қазақстан облысының 890 дәрігері, яғни мамандардың бестен бір бөлігі өткен",- деп атап өтті А. Хамзина.

Сонымен қатар, оның айтуынша, таяуда Ресейден дәріс оқып қайтқан 30 дәрігерден тұратын топ оралған. Олардың жетеуі - облыстық балалар ауруханасының мамандары мен облыстық тері-венерологиялық диспансерінің бөлімше меңгерушілері - Мәскеуде болып қайтты. Он екі адам Санкт-Петербургта біліктілігін көтеру курсынан өтті. Осы жылғы оқытудың тақырыптары жаңа туған сәбилер хирургиясын, педиатрия, дерматовенерология, акушерлік пен гинекология, отоларинологиядағы ультрадыбыстық диагностикадан дәріс алды. Челябинскіде облыстық онкологиялық диспансерінің, Арыс перзентханасының, облыстық перинатальдық орталықтың, № 2 қалалық балалар ауруханасының, № 4 перзентханасының он бір дәрігері білім алып қайтты.

"Жыл басынан бері жол шығындарына, оқуға және адамдардың жататын орнынан 10 млн теңге бөлінген, сонымен қатар облыс басшылары екінші жарты жылдықта тағы 20 млн теңге бөлуге уәде беріп отыр",- деп атап көрсетті А. Хамзина.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті