2007 жылдың маусымында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8%, жыл басынан бері 4,6% құрады

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда қант бағасы 3,8%-ға, жеміс және көкөністер - 2,3%-ға өсті. Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 1,9%, ал сиыр еті - 2,6%, қой еті - 2%, құс еті - 1,8%, жылқы еті - 1,2%, шошқа еті - 0,6% құрады. Балык және теніз өнімдері - 0,7%-ға, нан мен жарма өнімдері 0,3%-ға қымбаттады. Жұмыртқа бағасының деңгейі - 5,9%-ға, сүт өнімдері -0,8%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында құрылыс материалдарының бағасы - 4,3%-ға, киім және аяқ киім, үй тұрмысында пайдаланылатын заттар, кітаптар мен газеттер бағасы 0,5%-дан өсті. Жеке тазалық тауарлары бағасының өсімі - 0,4%, дәрі дәрмектер - 0,3%, аудиобейне жабдықтар - 0,1% құрады. Жанармай - 2,1%-ға, дизель отыны 1%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер саласында денсаулық сақтау мекемелері қызметтерінің бағасы 1,3%-ға, мәдениет және жолаушылар көлігі - 0,7%-дан, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы - 0,6%-ға өсті. Тұрғын үйді күтіп ұстау қызметтері мен қоқыс жинау - 1,2%-дан, кәріз және суық сумен жабдықтау 1%-дан, электр қуаты 0,9%-ға қымбаттады, ал ыстық су - 0,8%-ға төмендеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті