Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 33,2%-ға өсіп, 1,6 млрд. теңге болды, ерікті жеке сақтандыру бойынша - 1,1 млрд. теңге болды (47,4%-ға өсті) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша - 9,5 млрд. теңге болды (өсім 43,8%).
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 25,3-ға немесе 0,238 млрд. теңгеге дейін өсті, ал жиынтықты сақтандыру сыйлықақыларындағы өмірді сақтандыру үлесі 2006 жылғы 1 ақпанда 2,2%-ға қарсы 2,0%-ға жетті.
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 5,2 млрд. теңгені құрады немесе сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 42,6%-ы болды, бұл ретте резидент еместерге қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 40,1%-ы берілді (01.02.2006ж резидент еместерге қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 20,9% болған).
Ағымдағы жылдың бір айында жасалған сақтандыру төлемдерінің мөлшері 1,2 млрд. теңге болды, бұл осының алдындағы жылдың көрсеткішінен 33,1%-ға жоғары. Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 0,4 млрд. теңге болды (өсім 1,1%), ерікті жеке сақтандыру бойынша - 0,2 млрд. теңге (өсім 2,7 %) және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша - 0,6 млрд. теңге (өсім 36,6%) болды.
2007 жылғы қаңтарда сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 5,8%-ға өсіп, 2007 жылғы 1 қаңтарда 143,4 млрд. теңге болды. Жиынтық меншікті капитал 8,4%-ға өсіп, 86,9 млрд. теңге болды. Сақтандыру резервтерінің сомасы 69,4 млрд. теңге болды.
Қазіргі уақытта сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне 33 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатысып отыр.
2006 жылғы қаңтарда сақтандыру рыногының қызметін реттейтін заңнаманың бұзылуын жою мақсатында Агенттік сақтандыру ұйымдарының атына 5 ұйғарым-хат жіберді.
2007 жылғы 1 ақпанда республиканың қаржы рыногында Агенттік берген лицензияларға сәйкес 40 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді, бұл ретте өмірді сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға 5 ұйымның, көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыруға 30 ұйымның лицензиясы бар. Сондай-ақ сақтандыру қызметін көрсету рыногында 12 сақтандыру брокері және 37 актуарий сақтандыру қызметін жүзеге асырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті