2007 жылдың қаңтарында Қазақстандағы инфляция 1,1 пайызды құрады

Статистика жөніндегі агенттіктің ақпараттарына сүйенсек, өткен айда азық-түлік тауарының нарығында жеміс-жидектер мен көкеністер 5,2 пайызға, жұмыртқа - 5,1 пайызға, нан өнімдері мен астық өнімдерінің бағасы 1,9 пайызға өскен (нан - 3 пайызға, күріш - 2,5 пайызға). Сүт өнімдерінің бағасы 1,5 пайызға өсті (сүт - 2,3 пайызға, ашытқан сүт өнімдері - 1,3 пайызға, ірімшік пен сүзбе - 0,8 пайызға, малдың майы - 0,7 пайызға). Балық бағасының деңгейі 0,9 пайызға, ет және ет өнімдерінің бағасы - 0,8 пайызға көтерілсе, ал қанттың бағасы 0,4 пайызға төмендеген.

Киім және аяқ киімнің бағасы 0,7 пайызға, жеке бастың тазалығына қажетті тауарлар - 0,6 пайызға көтерілген. Баспа өнімдерінің бағасының көтерілуі 1,2 пайызға, құрылыс материалдары 0,8 пайызға жетіп отыр. Тас көмір бағасы 1,2 пайызға, дизель жанармайы - 1 пайызға, ал бензин бағасы 3,1 пайызға көтерілген.

Тұрғын үй - коммунальдық қызмет көрсетудің ақалы қызмет көрсету саласындағы бағалар 1,3 пайызға өскен. Қоқыс шығару - 10,5 пайыз, электр энергия тарифі - 2,9 пайызға, газбен қамтамасыз ету - 1,5 пайызға өсті. Орталық жылыту 0,7 пайызға өссе, сумен қамтамасыз ету - 0,6 пайызға төмендеген. Жолаушылардың қоғамдық көліктерде жүру жолақысы 1,9 пайызға, мәдениет саласы - 0,9 пайызға, білім бері 0,6 пайызға қымбаттаған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті