2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы 2006 жылдың шілдесімен салыстырғанда 9%-ға өсті

Агенттік ақпаратына сәйкес, тұрақты өткізіліп тұратын азық-түлік тауарлары бағасының деңгейін байқаудың материалдары 2006 жылдың тиісті айымен салыстырғанда ағымдағы жылдың шілдесінде жаңа жиналған көкөністер бағасының - 26%-ға, жемістер бағасының - 10,2%-ға өскенін көрсетті. Ет және ет өнімдері аталған кезеңде 13,3%-ға қымбаттады. Құс, қой, сиыр және жылқы еті бағасының деңгейі 16-18%-ға, шұжық өнімдері - 6,4%-ға, шошқа еті - 5,3%-ға, өсті. Жұмыртқа бағасы 11,1%-ға, сүт өнімдерге - 10%-ға, сары майға - 5,5%-ға өсті.

Нан және жарма өнімдері бағасының өсімі 7,1% құрады. Нан 9,3%-ға, күріш- 8,3%-ға, жарма 7,6%-ға, ұн - 5,2%-ға қымбаттады. Бағаның өсуі балық және теңіз өнімдерге - 12,7%-ға, кондитерлік өнімдерге - 4,8%-ға, ал төмендеуі қантқа 8%-ға байқалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті