Агенттік мәліметіне сәйкес, соның ішінде азық-түлік тауарлары 5764 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер 3844 теңгеге тең.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есепті мерзімде халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 13 жасқа дейінгі балалар үшін 7528 теңге, жігіттер үшін 12117 теңге, қыздар үшін 9284 теңге, 18 жастан жоғары еңбекке қабілетті халық, соның ішінде ерлер үшін 11492 теңге, әйелдер үшін 9125 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін 8984 теңге болды.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтреге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті