2007 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады

Атап айтсақ, мекеменің хабарлауынша, өткен айда азық-түлік тауарлары рыногында ет және ет өнімдері бағасы 2%-ға, ал жылқы етіне - 4%-ға, құс етіне - 3,4%-ға, сиыр мен қой етіне - 2,4%-дан, шұжық өнімдеріне - 1%-ға өсті. Қант бағасының өсімі 2,1%, балык және теніз өнімдерге - 1,1%, нан мен жарма өнімдерге - 0,4%, жеміс және көкөністерге - 0,1% құрады. Жұмыртқа бағасының деңгейі - 4,6%-ға, сүт өнімдерінің - 0,1%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның едәуір өсуі құрылыс материалдарына 12,7%-ға және бензинге - 6,2%-ға байқалды. Киім және аяқкиім, кітаптар мен газеттер 0,4%-дан, үй тұрмысында пайдаланылатын заттар, жеке гигиена тауарлар, дәрі дәрмектер - 0,5%-дан, жуу және тазалау құралдары 0,9%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер саласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы мен тарифтері 1,6%-ға өсті. Газбен жабдықтау төлемақысы - 2,9%-ға, қоқыс жинау - 1,6%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау қызметтерінің төлемақысы - 1,2%-ға, оны жөндеуге - 2,2%-ға өсті. Денсаулық сақтау мекемелері қызметтерінің бағасы 1,2%-ға, мектепке дейін және бастауыш білім беру қыметтеріне - 1%-ға, мәдениет және демалыс қызметтеріне - 0,6%-ға, жолаушылар көлігінде - 0,3%-ға өсті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті