2007 жылғы мамырдың бірінші жартысында еліміздің халықаралық резервтері 1,6% азайды

2007 жылғы мамырдың бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері төмендеді.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің ағымдағы бағасы 4,1 % (немесе 914,7 млн. долл.) төмендеді.

Ішкі валюта нарығында валютаның сатылуы, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі, сондай-ақ Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін толықтыру бойынша операциялардың жүргізілуі, үкіметтің шотына валютаның түсуіне қарамастан таза валюта қорларының (СКВ) 906,4 млн. долларға төмендеуіне әкелді. Алтын түріндегі активтер әлемдік нарықтардағы бағасының 0,6 % төмендеуі нәтижесінде 8,3 млн. долларға азайды.

Тұрақты бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 4,1%, еркін айналмалы валюта түріндегі таза активтер - 4,4 % төмендеді, алтын түріндегі активтер өзгерген жоқ.

2007 жылғы мамырдың бірінші жартысында Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің төмендеуі ақша базасының 1,6 % (немесе 24,3 млрд. теңгеге) тарылуына себепші болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті