Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007 жылғы наурызда теңгенің АҚШ долларына қатысы бойынша бағамының өсу үрдісі байқалды.
Бір айдың ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 123,17 теңге - 125,33 теңге ауқымында өзгерді. Осы кезең ішінде теңге 0,3% (жыл басынан бері - 2,5%) нығайды және наурыздың соңында теңгенің биржалық бағамы бір долларға 123,84 теңгені құрады.
Наурызда Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосалқы сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алғанда ақпандағымен салыстырғанда 9,7% ұлғайды және 4,5 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері -14,9 млрд. долл.). Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 29,8% ұлғайды және 11,5 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері - 30,9 млрд. долл.).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті