2007 жылғы қараша айының ішінде теңге 0,06%-ға, жылдың басынан бері 4,87%-ға нығайды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2007 жылғы қарашада ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақты болып қала берді. Осы ай ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 120,34-121,0 теңге аралығында өзгерді.

Ұлттық банктің мәліметінше, қарашада Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялар қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді қоса есептегенде қазан айымен салыстырғанда 49,86% ұлғайып, 5,7 млрд. АҚШ долларын құрады (жыл басынан бері 68,5 млрд. АҚШ доллары).

Биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі 16,9%-ға ұлғайып, 9,2 млрд. АҚШ долларын құрады (жылдың басынан бастап 134,3 млрд. АҚШ доллары).