2007 жылғы қарашада ақша базасы 0,8%-ға азайды - ҚР Ұлттық банкі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 0,9%-ға 1485,2 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бастап 8,4%-ға кеңею) азайды.

2007 жылғы қазанда ақша массасы банк жүйесінің таза сыртқы активтерінің азаюы салдарынан 2,8%-ға 4351,8 млрд. теңгеге дейін азайды (жылдың басынан бастап 18,3%-ға өсу).

2007 жылғы қазанда айналыстағы қолма-қол ақша 6,0%-ға 724,7 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бастап 20,6%-ға өсу), банк жүйесіндегі депозиттер 2,2%-ға 3627,1 млрд. теңгеге дейін (жылдың басынан бастап 17,9%-ға өсу) азайды. Нәтижесінде ақша массасы құрылымындағы депозиттер үлесі 82,8%-дан 83,3%-ға дейін өсті.

"Ақшы мультипликаторы қазанда ақша массасы қарқынының (2,8%) ақша базасының тарылу қарқынымен (12,3%) салыстырғанда азаюы салдарынан 2,61-ден 2,90-ға дейін ұлғайды",- делінген Ұлттық банктің баспасөз баянында.