2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ипотекалық компаниялардың жиынтық кредиттік портфелі құрылымында стандартты кредиттер үлесі 92%, күмәнді - 7,8 және үмітсіз - 0,2%. Ипотекалық компаниялардың кредиттік портфелі 2007 жылғы 1 қаңтарда былай болды: стандартты- 93,8%, күмәнді - 6,0%, үмітсіз - 0,2%.
Есепті айда ипотекалық компания қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық активтер сомасы бір айда 2,9%-ға өсіп, 130,3 млрд. теңге болды, жиынтық міндеттемелер 3,3%-ға өсе отырып, 102,1 млрд. теңгеге жетті, меншікті капитал мөлшері 1,8%-ға арта отырып, 28,2 млрд. теңге болды.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, республиканың қаржы рыногында 10 ипотекалық компания, қолданыстағы лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 16 ұйым қызмет істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті