"Бюджет жыл сайын 30% ұлғайып отырады. Бірақ, әрине бұл біздің қызметке ғана қатысты, мен мұнда "Қауіпсіз қала" бағдарламасына бөлінген 3 млрд. теңгені қосып отырғаным жоқ, 1,8 млрд теңге Алматы өзендеріне, экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне арналады",-деді Б.Ысқақов. "Жалпы айтқанда, қала басшылығы мен мәслихат депутаттары тарапынан мәселеге қатысты түсіністік бар",-деді ол.
Б.Ысқақовтың сөзіне қарағанда, "Қала қауіпсіздігі" бағдарламасы жуықта жүзеге асырылуы тиіс. "Қазір осы салада сараптама комиссиясы жұмыс істеуде, жобалық -сметалық құжатқа қаржы бөлінді",-деп атап өтті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті