"2007 жылы 509 қылмыстық іс қозғалып, оның 468-і сотқа жіберілген. Қайтарылған шығын көлемі 1 млрд 356 млн теңгені құраған",- деді А. Кәрімов.
Оның айтуынша, департамент өткен жылы сыбайлас жемқорлық сипатындағы 126 іс қозғаған, олардың 125-і сотқа жіберілген. "Аталмыш статистикаға сәйкес, өткен жылы мемлекеттік қызметкерлер үш күннің бірінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен кездесіп отырған. Осы істердің барлығына дерлігі сотқа жіберілген",- деді департамент бастығы жылды жұмыс қорытындысын шығара отырып.