"Баспана құрылысына 2007 жылы 489,6 млрд теңге инвестиция жұмсалды. Оның 48,4 млрд теңгесі мемлекет тарапынан бөлінсе, 397,1 млрд теңге жеке меншік және 43,9 млрд теңге шетелдік инвесторлардың үлесінде болды ", - деді Ғ. Оразбаков.
"Осы арқылы 8,1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру мүмкіндігі туды. Бұл 2006 жылдағы көрсеткіштерден 30 пайызға артық", - деп атап өтті ол.
Министр айтқанындай, 2007 жылы мемлекеттік 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысын іске асыру бағдарламасы аяқталды . "Бұл бағдарлама құрылыс саласының дамуына қолдау көрсетуге бағытталған негізгі мақсатын орындап, үш жылдың ішінде 19,3 млн шаршы метр баспана тапсырылды. Бұл жоспарланған көрсеткіштердін 22 пайызға асып, 15,8 млн шаршы метрге артық баспана пайдалануға берілді ",- деп атап өтті министр.