"Ел экономикасының өсу қарқыны 8,5 % құрады, ал жалпы алғанда 2001 жылдан бері экономика орта есеппен жылына 10%-тен өсті. Бұл үдемелі дамуға жатады", - деп мәлімдеді Н. Назарбаев.
Президент "елімізде ұлттық қордың ақшасын қоса есептегенде $40 млрд долларды құрайтын ауқымды қор жинақталғанын" атап өтті.
"Дәл осындай ауқымды жинақтың болуы қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтап қалуда шешуші роль атқарды", - деді мемлекет басшысы.
Н. Назарбаев "әлеуметтік ауанның да тұрақты қалпында қалғанын" атап көрсетті. "2000 жылдан бері мемлекеттік бюджеттің білім беру, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыздыққа жұмсаған шығындары 5 еседен артық өскенін", -айтты.
Ол сонымен қатар "5 млн астам адамның әлеуметтік қорғау аясына қамтылғанын" атап өтті.
"Өткен жыл жан-жақты экономикалық, әлеуметтік модернизациялау жолында алға қарай жасаған тағы бір сенімді қадам болды. Қазақстан 2008 жылға жаңаша экономикалық жетістіктермен және жаңартылған саяси құрылыммен аяқ басты", - деді президент.